RU
Назад

Kazmedia-ға сапар

24 нояб. в 18:10

23 қараша күні мектебіміздің Media Club шығармашылық тобының мүшелері Казмедиа орталығына профориентациялық сапармен барып келді. Оқушылар тәулігіне 24 сағат бойы халықты ақпаратпен қамтамасыз ететін Казмедиа телерадиокешеніндегі журналисттердің күнделікті жұмыстарын, дыбыс жазу студияларындағы дубляж жасау және жалпы теледидарлық жобаларды шығару процесін ішінен көруге мүмкіндік алды.

Ең қызығы - өздерін де журналист, оператор, монтажер және жүргізуші рөлінде сынап көрді, журналистика саласында қызмет атқарып жатқан мамандардан кеңес алды.